ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, бүгінгі сұхбат барысында елші Израиль мемлекет басшысына Қазақстанның қазіргі дамуы, елдің сыртқы саясат саласындағы бастамалары, президент Назарбаевтың Қазақстан-Израиль ынтымақтастығын пәрмендендіру бағытында алға қойған міндетті туралы хабардар етті. Ғылым және технологиялар, білім беру, туризм, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы тәрізді салалардға басымдық берілгені атап көрсетілді. “Өзара ынтымақтастықты жандандыратын бір сала – екі ел арасында тікелей әуе байланысын орнату”,- делінген СІМ-нің баспасөз баянында.
М.Кацав Қазақстан мен Израиль мемлекетінің Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымы мен Әлемдік және дәстүрлі дін жетекшілерінің сьезі шеңберінде табысты қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. Ол сонымен бірге қазіргі әлемде Қазақстанның ролі арта түскенін атай отырып, еліміздің даму қарқынына таңданыс білдірді.