Президент Ұлттық банктің іс-қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Ұлттық банктің іс-қызметін  жетілдіру  мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Президент Ұлттық банктің іс-қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы мен Ұлттық банктің іс-қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Шiлде 2006
  • 431
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымаздай, заң арқылы үш блок өзгерістер енгізу қарастырылған.

Бірінші блок 2005-жылы бекітілген Ұлттық қор қаржысын жинақтау мен пайдалану жөніндегі орта мерзімді тұжырымдамаға байланысты. Онда ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды мұнайдан басқа салалардан түскен түсімдерден қаржыландыру; Ұлттық қорды қалыптастыру көздерін мұнай саласындағы бірқатар кәсіпорындардан түсетін түсімдермен толықтыру және оларды Ұлттық қорға тікелей аудару; Ұлттық қордан бөлінетін кепілді трансфертті тек бюджеттік даму бағдарламаларына ғана бағыттау көзделген.

Өзгертулердің екінші блогы инвестициялық жобаларға қойылатын талаптарды күшейтуге, мемлекеттік , салалық және аймақтық бағдарламаларға сәйкес келетін негізді жобаларды ғана қаржыландыруға бағытталған.

Үшінші блок бюджетті жоспарлау процедураларын жетілдіруге, бюджет қаржысын мен оның орындалуын қадағалауға бағытталған.

Перейти к новостям спорта