“”Сауда саясатын дамыту орталығы” акционерлік қоғамын жарғылық капиталына мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен құрылсын”,- делінген қаулы мәтінінде.
Орталық негізінен мынадай негізгі іс-қызмет түрлерімен шұғылданады: Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуінің экономикалық зардаптарына талдау жасау; Дүниежүзілік сауда ұйымының шешуші келісімдерінің ережелерін ескеру негізінде сыртқы сауда-саттық саласындағы заңнамасын жетілдіру бағытында нұсқаулар дайындау; ЕурАзЭҚ, Біртұтас экономикалық кеңістік, Дүниежүзілік сауда ұйымы тәрізді аймақтық бірлестіктердің шеңберіндегі жалпы сауда режимін құру бағытында ұсыныстар мен нұсқаулар жобасын жасау.
Орталықтың жарғылық қоры 51,5 млн. теңгені құрады. Олар 2006-жылғы республикалық бюджетте қауырт шығындарға арналған үкіметтің резервінен бөлінеді.