Қазақстанда “Автобус“ атты республикалық шұғыл-профилактикалық шара өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда “Автобус“ атты республикалық шұғыл-профилактикалық шара өтеді

Қазақстанда “Автобус“ атты республикалық шұғыл-профилактикалық шара өтеді

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда “Автобус“ атты республикалық шұғыл-профилактикалық шара өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ жол полициясы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Шiлде 2006
  • 491
Фото - Caravan.kz

“Автобус” операциясы шілденің 12 мен 16 аралығында өткізіледі. Шара барысында автобус конструкцияларының қауіпсіздік талабына сәйкестігіне, тасымал түріне баса назар аударылады, деп хабарлайды министрлік. Полицияның хабарлауынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері автобус бағыттары өтетін жолдардың жағдайын, жасанды құрылғылар мен темір жол өткелектерінің жайын тексереді.

“Автобус” шарасын өткізу қажеттігін полициядағылар автобус жүргізушілерінің кінәсінен болатын жол апаттары санының күрт өсуімен байланыстыра түсіндіруде. Атап айтсақ, 6 айда 165 жол апаты тіркеліп, солардың салдарынан 33 адам қаза тауып, 195-і жараланған.

Перейти к новостям спорта