Жол апаты бүгін таңертең Қонаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Сағат 8 шамасында төртінші бағыттағы трамвай №15 бағыттағы автобустың қапталынан соққан . Салдарынан 12 адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, төртеуінің халі тым нашар.
Екі сағаттан кейін аталған көше қиылыстарындағы жүріс қалпына келді.