Қырғызстан ІІМ қазақстандық инвесторларды салық төлеуден жалтарды, деп айыптауда - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан ІІМ қазақстандық инвесторларды салық төлеуден жалтарды, деп айыптауда

Қырғызстан ІІМ қазақстандық инвесторларды салық төлеуден жалтарды, деп айыптауда

БІШКЕК. 17 шілде. Kazakhstan Today. Қырғызстан ІІМ «Дениз-Ойл» компаниясын табыс көлемін төмендетті және салық төлемеді, - деп айыптауда. Бұл жөнінде Қырғызстан ІІМ сілтеме жасап агенттік тілшісі хабарлайды.

  • 17 Шiлде 2006
  • 320
Фото - Caravan.kz

ҚР ІІМ қызмет бабындағы қылмыспен күрес бас басқармасына компанияның тауар көлемі мен тапқан табыс мөлшері ресми есепте анағұрлым төмендетіліп көрсетілгендігі туралы мәлімет түскен. ІІМ баспасөз-қызметінің таратқан хабарламасында, «нақты табыс жасырын қалып, мемлекеттік бюджетке тиісті салық төленбейді», – деп көрсетілген.

Тергеу шаралары барысында 2004-2006 жылдар аралығында ескерілмей қалған есептік құжаттардың көшірмесі, 12 заңды тұлға мөрі, ақпарат сақталған – дискеталар мен компьютерлік процессорлар, 1 млн. сом ақша табылған.

Сондай-ақ, баспасөз-қызметі тексеру жұмыстары жүргізілген кезде ҚР ІІМ қызметкерлері тарапынан дөрекілікке жол берілмегенін хабарлайды.

ҚР ІІМ баспасөз-қызметі бұл хабарламаны, «Денгиз-Ойл» компаниясының басшылары құқықорғау органдары қызметкерлерін офиске заңсыз баса-көктеп кіріп, 1 млн. сом ($30 мың) тәркіледі, – деп айыптап баспасөз-маслихатын өткізгеннен кейін таратқан.

Осыған дейін хабарланғандай, «Денгиз-Ойл» Қырғызстанда үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Республика аймағында 55 жанармай бекеті бар. Мекемедегі қазақстан инвесторларының еншісі 95% құрайды. «Дениз Ойл» тұтынушылары мемлекеттік резиденция №1,2, ҚР президенті ісін басқару автокөлік бірлестігі, Ұлттық қауіпсіздік қызметі, Шегара қызметі және басқада мемлекеттік құрылымдар мен мекемелер.

Перейти к новостям спорта