Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Үлкен сегіздік» басшылары өткізетін қортынды мәжіліске қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Үлкен сегіздік» басшылары өткізетін  қортынды мәжіліске қатысады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Үлкен сегіздік» басшылары өткізетін қортынды мәжіліске қатысады

АЛМАТЫ. 17 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербуркте «Үлкен сегіздік» басшылары өткізетін соңғы мәжіліске қатысады. Бұл жөнінде агенттік тілшісі ресей БАҚ сілтеме жасап хабарлайды.

  • 17 Шiлде 2006
  • 1324
Фото - Caravan.kz

Кеше кешкісін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің солтүстік Астанасына келді.

Саммиттің қортынды мәжілісі бүгін сағат 10 Константинов сарайының Мәрмәр залында басталады.

Мәжіліске Ресей, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция, Жапония елдерінің басшылары, сондай-ақ Еуропа қоғамдастығы Комиссиясының төрағасы Жозе Мануэль Баррозу және Еуроодақ төрағасы — Финляндия премьер-министрі Матти Ванханен қатысады. «Сегіздік» жетекшілерімен қоса мәжіліске ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао, Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Мексика президенті Висенте Фокс, Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва, ОАР президенті Табо Мбеки қатысады.

Саммит қонақтары арасында БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан, МАГАТЭ бас директоры Мохаммед эль-Барадеи, ЮНЕСКО, Әлемдік банк және Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының басшылары бар.

Мәжіліс соңынан мемлекет және үкімет басшылары мен саммитке шақырылған халықаралық ұйым жетекшілеріне түскі ас беріледі. Одан кейін үлкен сегіздік жетекшілері мен саммит қонақтарын естелікке суретке түсіру рәсімі өтеді.

Саммит бүгін түстен кейін «Үлкен сегіздік» жетекшілерінің баспасөз-маслихатымен аяқталады.

Жексенбі күні «Үлкен сегіздік» саммитінде 12 құжат қабылданды.Оның
ішінде Таяу Шығысқа қатысты мәлімдеме, «Ауқымды энергетикалық қауіпсіздік» құжаты, «21 ғасырдағы инновациялық қоғам үшін білім», «Жұқпалы аурулар мен күрес», «Сауда», «Интеллектуалды қарақшылықпен және заңсыз өніммен күрес», «Жоғары деңгейдегі коррупциямен күрес», «Африкамен жұмыс жөнінде» құжат бар.

Сондай-ақ, мемлекет басшылары ланкестікке қарсы күрес жөніндегі «Сегіздік топ» саммиті декларациясын және БҰҰ ланкестікпен күрес бағдарламасын нығайту жөніндегі мәлімдемесін қабылдады. Сонымен қатар, таратпау мәселелері жөніндегі мәлімдеме және тұрақтандыру мен қайта қалпына келтіру аясындағы ынтымақтастық пен болашақтағы шаралар тұрғысында декларация қабылданды.

Перейти к новостям спорта