ОҚО прокуратурасы балалардың ВИЧ–жұқпалы ауруға шалдыққан фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 457.21
  • 534.62
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО прокуратурасы балалардың ВИЧ–жұқпалы ауруға шалдыққан фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

ОҚО прокуратурасы балалардың ВИЧ–жұқпалы ауруға шалдыққан фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

ШЫМКЕНТ. 17шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы 14 баланың ВИЧ-инфекция жұқтырған фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Шiлде 2006
  • 495
Фото - Caravan.kz

«14 шілде күні облыс прокуроры қылмыстық іс қозғады», – дейді облыстық прокуратураның мемлекеттік органдар қызметін қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Қанат Мамаев. «Атқаратын жұмыс өте көп. Құжаттарды анықтап, балаларға құйылған қанның донорын табу қажет. Осы іске қатысы бар, осындай жағдайға жеткізген адамдардың бәрінен түсініктеме алынады. Көптеген сараптама жүргізіп, аурудың себебін анықтау керек», — деді прокурор.

Қ. Мамаевтың айтуынша, тергеу жүргізу үшін ішкі істер қызметкерлерінен тұратын арнайы топ құрылды. Олармен қатар прокуратура қызметкерлері де жұмыс істейтін болады.

Қ. Мамаевтың сөзіне қарағанда, түсінік беру үшін ең әуелі дертке шалдыққан балалар жатқан үш аурухананың бас дәрігерлері мен олардың орынбасарлары шақырылған.

Осыған дейін хабарланғындай, ОҚО соңғы айларда ВИЧ инфекцияға шалдыққан 2 айлықтан үш жас аралығындағы 14 бала анықталған. Олардың бәрі бірнеше мәрте ауруханада жатып шыкқан және балаларға қан құйылған екен. Алғашында дәрігерлер, бұл балалардың ата-аналарында да қатерлі дерт болуы мүмкіндігін айтқан еді. Бірақ, белгілі болғандай бүлдіршіндердің басым бөлігі жағдайы жақсы отбасылардан шыққан.