Ақтөбе полицейлері 13 Өзбекстан азаматын күңшілдіктен шығарып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе полицейлері 13 Өзбекстан азаматын күңшілдіктен шығарып алды

Ақтөбе полицейлері 13 Өзбекстан азаматын күңшілдіктен шығарып алды

АҚТӨБЕ. 19 шілде. Kazakhstan Today. Ақтөбенің полиция қызметкерлері 13 Өзбекстан азаматын күңшілдіктен шығарып алды. Бұл жөнінде көліктегі ішкі істер Батыс департаментінің өкілдері баспасөз маслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілішісі.

  • 20 Шiлде 2006
  • 502
Фото - Caravan.kz

18 жастан 28 жас аралығындағы алты ер азаматты, және 15 жастан 45 жас аралығындағы жеті әйелді, Қазақстанға жұмысқа орналастырамыз деген желеумен әкелген. Полицейлердің мәліметіне қарағанда, олар бірнеше мәрте саудаланыпты. Соңғы «қожайындары» кәсіпкер әйел, монша кешенінің иесі.

Күңшілдікке алынған Өзбекстан азаматтары құжаттарынан айырылған. Олар күніне 20 сағаттан тапжылмай жұмыс істеген, екі әйелді қожайындарының туыстары зорлаған. Полиция қызметкерлері «зардап шеккендер күңшілдік күнін кешіп, қамауда өмір сүрген, монша кешені иесінің туыстары тарапынан үнемі соққыға жығылған», — дейді.

Қазіргі таңда 128 бапқа сәйкес (адамды пайдалану мақсатында арбау) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта