Үш бала маусымның 10-17-сі аралығында қайтыс болды. Олар өкпе қабынуының ауыр түріне және басқа да дертке шалдыққан болатын. «Бүлдіршіндердің халі тым нашар болғандықтан біз оларды ВИЧ-инфекцияға тексеруіміз қажет еді. Сондықтанда олар алдын ала жасалған диагноздар тізіміне енгізілді. Қазір бұл диагноз алынды», — дейді Н. Жолдасова.
Осыған дейін айтылғандай, қазіргі таңда алты баладан жұқпалы ауру табылғаны расталды. 9 сәбидің диагнозы тексерілуде.