Б. Байдалиновтың айтуынша, әскери бөлімдерде тұрғын үй мәселесімен айналысатын комиссия жұмысы тұралап қалған, пәтер бөлу процедурасында заңнамада көрсетілген ережелер сақталмайды. Баспана кезегінде тұрған аскери қызметкерлер тізімі пәтер берілетін кезде бұзылып, заңсыздыққа жол беріледі. Тіпті, кейбір әскери бөлімдерде баспана кезектен тыс адамдарға бөлінген.
«Соңғы екі жылда әскерилерге бөлінген 15 пәтер кезекте тұрмаған адамдарға берілген, тіпті баспаналы болған бес адам әскери қызметкер емес. Алты адам Шымкент гарнизонының жөндеу-пайдалану бөлімінің өкілдері. Бір баспана әскерге ешқандай қатысы жоқ, облыстық департамент қызметкеріне бұйырыпты», — дейді Б. Байдалинов.
Б. Байдалинов әскери прокуратура анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ескерту жасап, сотқа екі шағым түсіргенін айтты. 11 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.