Республикалық бюджет комиссиясының отырысында біршама тапсырыс қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 457.21
  • 534.62
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық бюджет комиссиясының отырысында біршама тапсырыс қаралды

Республикалық бюджет комиссиясының отырысында біршама тапсырыс қаралды

АСТАНА. 20 шілде. Kazakhstan Today. Бүгін ҚР премьер-министрі Даниал Ахметовтың басқаруымен өткен Республикалық бюджет комиссиясының кезекті отырысында бірқатар тапсырыс қаралды. Бұл туралы агенттікке премьер-министрдің баспасөз-қызметінен хабарлаған.

  • 20 Шiлде 2006
  • 404
Фото - Caravan.kz

Баспасаөз-қызметінің мәліметі бойынша, мәжіліс барысында Есеп комитетінің, ақпараттандыру және байланыс комитетінің, ҚР төтенше жағдайлар, энергетика және минералды ресурстар министрліктерінің тапсырыстары қаралған.

Даниал Ахметов, төтенше жағдайлар Министрлігі тарапынан түскен тапсырысты ескере отырып, өртке қарсы техника және әр аймаққа бір тікұшақтан сатып алуға жеткілікті қаржы бөлу қажеттігін айтты. Оған қоса, энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің тапсырысы бойынша, жаңа кен орындарында геологиялық барлау жүргізуге және атом өнеркәсібін дамыту мақсатында қаржы бөлу қажеттігін атап өтті.