Мәліметке қарағанда, төтенше жағдай 23 шілде күні, 8 сағат 50 минутта тұрмыстық газ жабдығын дұрыс пайдаланбаудан орын алған. Жарылыс салдарынан өрт шыққан. Термиялық күйік алған 75 жастағы пәтер иесі ауруханаға жеткізілді.
Тілсіз жау 6 шаршы метрді шарпыған. Өрт сөндірушілер отты 9 сағат 10 минутта ауыздықтады.