Қарағанды облысында жүк поезі вагондарының рельстен шығып кету салдары жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 457.21
  • 534.62
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жүк поезі вагондарының рельстен шығып кету салдары жойылды

Қарағанды облысында жүк поезі вагондарының рельстен шығып кету салдары жойылды

АСТАНА. 25 шілде. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында жүк поезі вагондарының рельстен шығып кету салдары жойылды, деп хабарлады бүгін төтенше жағдайлар жөніндегі Министрліктің баспасөз-қызметі.

  • 25 Шiлде 2006
  • 373
Фото - Caravan.kz



Ақпаратқа сәйкес, 24 шілде күні 7 сағат 50 минутта Бұхар-Жырау ауданы Мырза стансасында 452-ші жүк поезін жөнелту кезінде төрт жүк вагоны рельстен шығып кеткен, оның үшеуіне ұн, бір вагонға жартылай темір жол жөндеуге арналған жабдықтар тиелген.

Баспасөз-қызметі «құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ, темір жол қозғалысы тоқтатылмады», — деп атап көрсетті.

Осы күні кешкісін вагондар релське қайта тұрғызылды. Апаттың салдарын жоюға Қарағанды-Сортировочная темір жол стансасының қайта қалпына келтіру поезі жұмылдырылды, дейді баспасөз-қызметінің өкілдері.