Полиция қызметкерлерінің мәліметі бойынша, Ә. Баимбетов 16 сағат 10 минутта қайтыс болған.
Осыған дейін хабарланғандай, 14 шілде күні «Шаңырақ» ықшам ауданында баспаналарының қиратылуына наразылық танытқан жергілікті тұрғындар құқықорғаушыларға қарсылық көрсеткен болатын. Бассыздық кезінде полиция қызметкері Ә. Баимбетовке жанармай құйылып, өрт қойылған. Оның денесінің 70% күйік шалды. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері бассыздыққа қатысы бар деген төрт адамды ұстады, олардың арасында құқықорғаушының өміріне қастандық жасады деген күдікті бар.