Министрліктің ақпаратына сәйкес, өрт Шалқар ауданы, Бақшалысай төңірегінде болған. Сәрсенбі күні төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікке 22 шілде күні 11 сағат 30 минутта даланың өртенуі салдарынан 250 бас ұсақ малдың қырылғаны туралы мәлімет келіп түскен. Тілсіз жау 3,5 мың га. жерді шарпыған. Өрт осы күні 19 сағат 30 минутта жергілікті халықтың атсалысуымен ауыздықталды. Шараға ҚР ТЖМ өрт сөндірушілері жұмылдырылған жоқ, деп хабарлайды министрлік өкілдері.