Ә. Бәсекеевтың айтуынша, «қазіргі кезде «Байқоңыр» Федералды ғарыш орталығының әуеде іздестіру ұшағы зымыранның құлаған орнын тексеруде». Зымыранның нақты құлаған орны анықталған сәтте, қосымша ақпарат беріледі», — деді ол.
Осыған дейін хабарланғандай, 27 шілде күні 1 сағат 43 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан РС-20 зымыраны бірнеше ғарыш аппаратымен «Днепр» зымыран-тасығышы ұшырылды. Әуеге көтерілген 73 секундында зымыран ұшу орнынан 189,6 шықырым жерге, «Тағай» қыстағынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырымда құлады деп хабарлайды төтенше жағдайлар Министрлігі.
Зымыран құлаған орынға төтенше жағдайлар Министрлігінің 35 адамынан тұратын жедел топ және 6 техника жөнелтілді.
«Роскосмос» ғарыш орталығының алдын ала ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға бірінші баспалдақтағы двигателі межеленген 10 секундта іске қосылмай, штаттан тыс жағдай қалыптасқан, салдарынан екінші баспалдақтағы двигателі іске қосылмады. «Қазіргі кезде телеметриялық ақпаратқа анализ жасалуда. Оқиға салдары тексеріліп жатыр», — деп мәлімдеді Федералды ғарыш агенттігі бастығының орынбасары Юрий Носенко.