Қазақстанда "Днепр" зымыран-тасығышының құлау салдарын анықтаумен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда "Днепр" зымыран-тасығышының құлау салдарын анықтаумен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды

Қазақстанда "Днепр" зымыран-тасығышының құлау салдарын анықтаумен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды

АСТАНА. 28 шілде. Kazakhstan Today. ҚР премьер-министрі Даниал Ахметов ресейдің РС 20 "Днепр" зымыран-тасығышының құлау салдарын анықтаумен айналыстан үкіметтік комиссия құру туралы қаулыға қол қойды. Бұл жөнінде агенттікке үкіметтің баспасөз-қызметінен хабарлаған.

  • 28 Шiлде 2006
  • 530
Фото - Caravan.kz



Комиссия құрамына білім және ғылым, төтенше жағдайлар жөніндегі, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, сыртқы істер, қоршаған ортаны қорғау, экономика және бюджетті жоспарлау, әділет министрлерінің орынбасарлары, сондай-ақ, ҚР ҰҚК, жер ресурстары Комитеті, Қызылорда облысы әкімшілігінің, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Аэроғарыш комитетінің, азаматтық қорғаныс және жедел жоспарлау департаменттерінің, қорғаныс Министрлігінің өкілдері кірді.

Комиссияға қысқа мерзімде апаттың медициналық-санитарлық, экологиялық және техногенді салдарын тауып, апат әсерін шектеу шараларына қатысты ұсыныстарды баяндау, шағым түсіру үшін шығын көлемін анықтауды және апат салдарын жою шараларының тізімін, уақытын белгілеу тапсырылды.

Осыған дейін хабарланғандай, 27 шілде күні 1 сағат 43 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан бірнеше ғарыш аппаратымен «Днепр» РС-20 зымыран-тасығышы ұшырылды. Әуеге көтерілген 73 секундында зымыран ұшу орнынан 189,6 шықырым жерге, «Тағай» қыстағынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырымда құлады.

Зымыран құлаған орынға төтенше жағдайлар Министрлігінің 35 адамынан тұратын жедел топ және 6 техника жөнелтілді.

«Роскосмос» ғарыш орталығының алдын ала ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға бірінші баспалдақтағы двигателі межеленген 10 секундта іске қосылмай, штаттан тыс жағдай қалыптасқан , салдарынан екінші баспалдақтағы двигателі іске қосылмады. «Қазіргі кезде телеметриялық ақпаратқа анализ жасалуда. Оқиға салдары тексеріліп жатыр», — деп мәлімдеді Федералды ғарыш агенттігі бастығының орынбасары Юрий Носенко.

Перейти к новостям спорта