"Днепр" зымыран-тасығышы ұшырылған орнынан 150 шақырым жерден табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Днепр" зымыран-тасығышы ұшырылған орнынан 150 шақырым жерден табылды

"Днепр" зымыран-тасығышы ұшырылған орнынан 150 шақырым жерден табылды

БАЙҚОҢЫР. 28 шілде. Kazakhstan Today. "Днепр" зымыран-тасығышы ұшыру алаңынан 150 шақырым жерден табылды. Бұл ақпаратты елбасының Байқоңырдағы арнайы өкілі Әділбек Бәсекеев растады.

  • 28 Шiлде 2006
  • 543
Фото - Caravan.kz



Бәсекеев, зымыранның Жаңақала ауданынан анықталғанын айтады. Ғарыш аппараты табылған орын қоршауға алынды. Қызылордадан үкіметтік комиссия мүшелері мен «Байқоңыр» Федералды ғарыш орталығының мамандары осында ұшып кетті, дейді ол.

Осыған дейін хабарланғандай, 27 шілде күні 1 сағат 43 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан бірнеше ғарыш аппаратымен «Днепр» РС-20 зымыран-тасығышы ұшырылды. Әуеге көтерілген 73 секундында зымыран жерге құлады. «Роскосмос» ғарыш орталығының алдын ала ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға бірінші баспалдақтағы двигателі межеленген 10 секундта іске қосылмай, штаттан тыс жағдай қалыптасқан, салдарынан екінші баспалдақтағы двигателі іске қосылмады.

Перейти к новостям спорта