Мекеме ақпартына сәйкес, апат Аршалы ауданында болған. Алматы-Екатеринбург тас жолының 1289-шы шақырымында «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ» автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан «Жигулидің» жүргізушісі мен төрт жолаушы, соның ішінде бір жасар бала мен 16 жастағы бозбала қаза тапты. «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.