Тәртіп сақшылары "Ертістрансойл" кәсіпорнында үш тоннадан астам күкірт қышқылын тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәртіп сақшылары "Ертістрансойл" кәсіпорнында үш тоннадан астам күкірт қышқылын тәркіледі

Тәртіп сақшылары "Ертістрансойл" кәсіпорнында үш тоннадан астам күкірт қышқылын тәркіледі

ӨСКЕМЕН. 31-шілде. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облыстық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері "Ертістрансойл" кәсіпорнының қоймаларынан үш тоннадан астам күкірт қышқылын тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне басқарманың аға инспекторы Василий Гриценко хабарлады.

  • 31 Шiлде 2006
  • 502
Фото - Caravan.kz

Василий Гриценконың айтуынша, «Ертістрансойл» ЖШС-де психотроптық заттарды есепке алу және сақтау тәртіптерін өрескел бұзу оқиғалары әшкереленген. «Кәсіпорын басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- деді ол.

Инспектордың айтуынша, кәсіпорындағы тексеру «Транзитті тасымал» атты республикалық шұғыл-профилактикалық шараның аясында жүргізілген. «Шараның мақсаты — есірткі дайындауда пайдаланылатын заттарды, басқаша айтқанда, прекурсорларды, мәселен, тұз және күкірт қышқылы, сірке суы ангидриді сынды заттарды шығарумен шұғылданатын кәсіпорындарды тексеруге саяды»,- деді В.Гриценко. «Тәжірибе көрсеткендей, бұл категорияға жататын кәсіпорындар бір сәттік пайданы көздеп, технологияда қарастырылған қауіпті заттарды есепке алу және сақтау тәртіптерін қасақана ескермейді»,- дейді маман.

Перейти к новостям спорта