Шымкентте бірден төрт қан қабылдау бөлімі жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте бірден төрт қан қабылдау бөлімі жабылды

Шымкентте бірден төрт қан қабылдау бөлімі жабылды

ШЫМКЕНТ. 31 шілде. Kazakhstan Today. Шымкентте қалалық ауруханалардағы төрт қан қабылдау бөлімі жұмысын тоқтатты. Бұл жөнінде, журналистерге Оңтүстік Қазақстан облысы санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті хабарлады.

  • 31 Шiлде 2006
  • 615
Фото - Caravan.kz



Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті мамандарының жүргізген тексеруі барысында анықталғандай, аурухана ішіндегі қан қабылдау бөлімдері ыңғайлы бөлмелерде орналаспаған және тоңазытқыштармен түгел қамтамасыз етілмеген. Донорлардың өткізетін қандары бір реттік пластик ыдыстарына емес, шыныға құйылады. Қанның алты айға дейін шыдау уақыты сақталмайды. Осыған байланысты санэпидқадағалау департаменті басшылары төрт қан қабылдау бөлімінің жұмысын тоқтатып, істі экономикалық сотқа жіберді.

Жуырда денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты әкімшілікте өткен мәжілісте донорлардың бірегей ақпараттық жүйесін құру үшін плазмафарез қондырғысын сатып алуға, сондай-ақ, қан препараттарын сақтау жағдайын жақсарту және карантин туралы денсаулық сақтау министрлігінің шешімін жүзеге асыру үшін 92 млн. теңгеден астам қаражат қажет. Қазіргі кезде тиісті соманы бөлу мәселесі қарастырылуда.

Осыған дейін айтылғандай, 21 наурыз 16 шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында 15 баладан ВИЧ инфекциясы анықталды. Ақтық диагноз алты балада расталса, тоғыз баланың диагнозына қайтадан талдау жасалуда.
Бүлдіршіндердің қатерлі дертке шалдығуы салдарын тексеріп жатқан комиссия ВИЧ инфекциясының таралуына құйылған қан және қолданылған саймандардың қайнатылмауы себеп болуы ықтимал деген қортындыға келді.

Перейти к новостям спорта