Үкімет басшысы Орталықтың жетекшілерімен және бас мамандарымен кездесіп, тұңғыш қазақстандық жер серігінің ұшу барысымен танысты.
Жер серігінің ұшырылғанына 44 күн болды, ол тұрақтау нүктесіне шықты, ғарыш аппаратының көрсеткіштері нормаға сай.
Сынақ толық аяқталып, арнайы комиссия мақұлдағаннан кейін ғана жер серігіне пайдалы жүктеме артылады.
«КазСат» жер серігінің жұмыс барысымен танысқаннан кейін премьер- министр Орталық қызметкерлеріне арнап салынып жатқан 30 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді. Үкімет басшысы мемлекеттік ғарыш бағдарламасының жүзеге асырылу барысын жоғары бағалады. Даниал Ахметов Ақкөл орталығы үкіметтің қолдауымен өркендей беретіндігін атап өтті.