2006 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,2% болды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,2% болды

2006 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,2% болды

АЛМАТЫ. 1-тамыз. Kazakhstan Today. 2006 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,2%, ал жыл басынан бері 5,1 процент болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

  • 1 Тамыз 2006
  • 498
Фото - Caravan.kz



Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқаның бағасы — 4,6%-ға, қанттың бағасы — 2,5%-ға, жемістер мен көкөністердің бағасы — 1,7%-ға, сүт өнімдерінің бағасы — 0,5%-ға, май мен тоң майдың бағасы — 0,4%-ға төмендеді. Бағаның өсуі нан өнімдері мен жарма өнімдеріне, ет және ет өнімдеріне — 0,2%-дан, минералды су және алкогольсіз сусындарға — 0,3% құрады.

Азық-түлік емес тауарлар ішінде жанармайдың бағасы бойынша ең жоғары өсім — 6,5% байқалды. Құрылыс материалдарының бағасы 0,9%-ға, киім және аяқ киімнің, үй тұрмысында пайдаланылатын заттардың, жеке тазалық тауарларының бағасы — 0,4%, медициналық препараттардың бағасы — 0,1%-ға өсті.

Жолаушылар көлігінің қызметтеріне ақы төлеу — 2%-ға, білім беру және мәдениет мекемелерінің қызметтеріне — 0,6%-дан, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтеріне — 0,5%-ға өсті. Тұрғын-үй коммуналдық қызметтер 0,2%-ға қымбаттады. Қоқыс жинау тарифтері 3,4%-ға, газ тарифтері — 0,6%-ға, сумен жабдықтау тарифтері — 0,3%-ға, электр энергиясының тарифтері 0,1%-ға өсті.

Перейти к новостям спорта