Күн райын бақылаушылардың болжамына сәйкес тамызда Алматыда аптап ыстық болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күн райын бақылаушылардың болжамына сәйкес тамызда Алматыда аптап ыстық болмайды

Күн райын бақылаушылардың болжамына сәйкес тамызда Алматыда аптап ыстық болмайды

АЛМАТЫ. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Күн райын бақылаушылардың болжамына сәйкес тамызда Алматыда аптап ыстық болмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 2 Тамыз 2006
  • 471
Фото - Caravan.kz



«Алматы қаласында тамыз айында айрықша ыстық болмайды»,- деді «Қазгидромет» РМК-ның бас синоптигі Светлана Аманқұлова. «Ауаның айлық орташа температурасы Цельсий өлшемі бойынша 23 градус болмақ. Бұл — нормаға сай»,- деді ол.

Болжамға сәйкес, тамыздың алғашқы онкүндігінде сынап бағанасы түнде 15-20-дан 10-15, ал күндіз 30-35 градустан 23-28 градусқа дейін көтеріледі. Екінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 15-20-дан 20-25 аралығында, күндіз 25-30-дан 30-35 градус болмақ. Ал үшінші онкүндікте сынап бағанасы түнде 15-20 пен 10-15 градус аралығында, ал күндіз 28-33 градусты көрсетеді. Осы онкүндіктің аяғында сынап бағанасы 22-27 градусқа дейін төмендейді.

«Қазгидромет» ақпаратына сәйкес, тамызда нормаға сай ылғал түседі. «Алғашқы онкүндіктің алғашқы жартысында, екінші онкүндіктің аяғында, үшінші онкүндіктің басы мен аяғында батыстан соққан жел 7-12 метрге дейін күшейіп, күн күркіреп, ұзаққа созылмайтын нөсерлер жауып, шаңды боран соғады»,- деді С.Аманқұлова.

Перейти к новостям спорта