Елімізде өткен тәулікте жол апатынан үш жүргінші мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде өткен тәулікте жол апатынан үш жүргінші мерт болды

Елімізде өткен тәулікте жол апатынан үш жүргінші мерт болды

АСТАНА. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Елімізде өткен тәулікте жол апатынан үш жүргінші мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Тамыз 2006
  • 366
Фото - Caravan.kz



Атап айтсақ, 1-тамызда 23 сағат 40 минутта Алматы облысының Іле ауданында «ПАЗ-32054» автобусының 25 жастағы жүргізушісі 44 жастағы жүргіншіні қағып кетті.

Бүгін 3 сағат 5 минутта Алматының Алмалы ауданында «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі екі жүргіншіні қағып кетті. Жүргізушінің аты-жөні анықталуда.

Зардап шеккендердің бәрі де оқиға орнында мерт болды.

Сонымен бірге 1-тамыз күні 19 сағат 5 минутта Қызылордада Қызылорда-Белкөл өткелегінің 2824-ші шақырымында темір жолдан белгіленген жерден өтпеу салдарынан 40 жастағы әйел №2418 жүк поезының астына түсіп, жарақаттан қаза тапты.

Перейти к новостям спорта