Есірткі тасымалдаушы кеден және ҚР ҰҚК департаменті қызметкерлерінің бірлескен операциясының нәтижесінде ұсталды.
Кедендік бақылау департаментінен хабарлағанындай, кеденшілер Қырғызстаннан Қазақстан арқылы Барнаул қаласына транзитті бет алған ГАЗ-31029 автокөлігін тексеруден өткізген. Олар бұл әрекетті жай тексеру секілді кейіп таныта жүзеге асырған. Көліктің тізгінінде Қырғызстан азаматы отырған. Кеденшілер автокөліктен алдыңғы қанаттың астына жасырылған құпия қойманы тапты. Одан 9 полиэтилен дорба шықты.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік жүргізушісі қамауға алынды.