2006-жылдың 26-шілдесінде ғарыштық аппараттарды алып ұшқан РС-20 зымыранының апатқа ұшыру себебін анықтау жөніндегі Ресейдің мекемеаралық комиссиясын осы елдің қорғаныс министрлігі құрған. Оны «Машина жасау жөніндегі орталық ҒЗИ» бас директоры, Ресей ҰҒА-ның академигі Николай Анфимов басқарады.
Комиссия құрамына «Роскосмос», Ғарыштық әскерлер, «Южное» мемлекеттік конструкторлық бюросы, «Космотрас» МКК мен басқа да мүдделі құрылымдардың өкілдері енген.
Комиссияның отырысы 4-тамызда Украинаның Днепропетровск қаласында өтеді.