Астананың аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы заң бұзушылықтар санының кемігенін айтады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы заң бұзушылықтар санының кемігенін айтады

Астананың аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы заң бұзушылықтар санының кемігенін айтады

АСТАНА. 3-тамыз . Kazakhstan Today. Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы осы саладағы заңдарды белден басу оқиғалары азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 3 Тамыз 2006
  • 424
Фото - Caravan.kz

«Осы жылдың алғашқы жартысында 520 тексеру жүргізіліп , 177 заң бұзушылық анықталды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жағдай әлдеқайда жақсы. Мәселен 2005-жылдың алғашқы жарты жылында 247 заң бұзушылық анықталған болатын»,- дейді Астана бойынша қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқармасының бастығы Мұрат Рахымбергенов.

Мәліметке қарағанда, биыл жүргізілген тексерулердің қортындысы бойынша , қоршаған ортаны қорғау заңдарын аяқ асты еткендерге 5,2 млн. теңге көлемінде 175 айыппұл салынған, қоршаған ортаны ластауға байланысты шығынды өтеуге 4,5 млн. теңгеге көлемінде 52 талап қойылып, 8 мекеме жұмысы мүлдем тоқтатылған. М.Рахымбергеновтың айтуынша, әсіресе «экологиялық сараптама қортындысының болмауы, тиісті қалыпты бұзу, сыртты ластау» сияқты заң бұзушылықтар жиі кездеседі.

Сондай- ақ , басқарма бастығы 2006- жылы Астанада 657 млн. теңге көлемінде экологиялық төлем жиналып, оның 70% қоршаған ортаны қорғау шараларына жұмсалғанын хабарлады.

Перейти к новостям спорта