Мәскеуде "А-Студио" тобының жеке орындаушысы жол апатынан мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде "А-Студио" тобының  жеке орындаушысы жол апатынан мерт болды

Мәскеуде "А-Студио" тобының жеке орындаушысы жол апатынан мерт болды

АЛМАТЫ. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Мәскеуде "А-Студио" тобының жеке орындаушысы Бағлан Сәдуақасов жол апатынан мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 3 Тамыз 2006
  • 590
Фото - Caravan.kz



Ақпарат көздерінің хабарлауынша, апат сәрсенбі күні күндіз Звенигород тас жолында болған. Бағлан Сәдуақасов айдап келе жатқан «Мицубиси» джипі «КамАЗ»-бен соқтығысып қалды. Апат салдарынан жеке орындаушы мен оның көлігінде отрыған бір жолаушы оқиға орнында мерт болды.

«А-Студио» тобы 1987-жылы Алматыда құрылған. Бастапқыда топ құрамында Байғали Серкебаев (клавишалық аспаптар, аранжировка), Батырхан Шүкенов (вокал, саксофон), Владимир Миклошич (бас-гитара), Болат Сыздықов (гитара, вокал), Наджиб Вильданов (клавиша, вокал) болды. Артынан топқа гитаршы әрі вокалшы ретінде Бағлан Сәдуақасов бірікті.

1989-жылы «А-Студио» тобы Мәскеуге шақырылды. Топ Франция, АҚШ, Испания және Жапония елдерінде бірнеше мәрте гастрольде болған. «А-Студио» тобының танымал әндері ретінде «Джулия», «Белая река», «Стоп», «Ночь» әндерін атауға болады.

Перейти к новостям спорта