Алматыда француз журналисі қасақана өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда француз журналисі қасақана өлтірілді

Алматыда француз журналисі қасақана өлтірілді

АЛМАТЫ. 4-тамыз . Kazakhstan Today. Алматыда француз журналисі мерт болды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қоры хабарлады.

  • 4 Тамыз 2006
  • 362
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа қарағанда, сәрсенбі күні 16 сағат 30 минутта Алматыда жалға алынған пәтерде кісі қолыанн қаза тапқан француз журналисі Грегуар де Бургтың мәйіті табылған. Ол Қазақстанға «Форейн Аффейрс» халықаралық журналының тағайындауы бойынша елдің экономикалық дамуы жөнінде баяндама әзірлеуге келген.

Полиция қызметкерлері журналисті белгісіз біреулердің пайдакүнемдікпен қасақана өлтіргенін айтады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, білікті құқық қорғаушылардан құралған жедел тергеу тобы құрылды. «Әділ сөз» таратқан ақпаратта қылмыстың бетін ашуға барлық амалдар қарастырылуда деп көрсетілген.

Осыған дейін хабарланғандай, үстіміздегі жылдың 1-тамызында ҚР ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов Алматыда қалалық полиция басшыларымен мәжіліс өткізіп, онда ауыр қылмыстың күрт өскеніне назар аударған болатын.(17,7%)

Перейти к новостям спорта