Оның айтуынша, қазір жобаның техника-экономикалық негіздемесіне құрылыс жұмыстары бойынша сараптама жүргізілуде. Аталмыш бөлімшені салуға арнап жер бөлу туралы әкімнің шешімі шығып, жер жайғастыру жұмыстарын жүзеге асыруға «МаңғыстауНПЦзем» еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен келісімге қол қойылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, былтыр ҚР Ұлттық ядролық орталығының «Ядролық физика орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорынмен жасалған келісім-шартына сәйкес жобаның техника-экономикалық негіздемесі дайындалған болатын.