Алматыда Франция азаматының өлтірілуіне қатысты істі республика ішкі істер министрі өз бақылауына алды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Франция азаматының өлтірілуіне қатысты істі республика ішкі істер министрі өз бақылауына алды

Алматыда Франция азаматының өлтірілуіне қатысты істі республика ішкі істер министрі өз бақылауына алды

АЛМАТЫ. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Алматыда Франция азаматының өлтірілуіне қатысты істі республика ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың өзі бақылауға алды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 4 Тамыз 2006
  • 335
Фото - Caravan.kz



Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, шұғыл тергеу тобы құрылды. Қылмысқа қатысты бірнеше жорамал қарастырылуда. Соның ішінде азаматтың дүние-мүлкін иемденіп алу мақсатымен өлтіру деген жорамал да бар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2-тамызда Алматының Алмалы ауданындағы бір үйдің пәтерінен 25 -жастағы Франция азаматы- журналист Гругуар де Бургтың мәйіті табылған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, ол пышақтау салдарынан жан тапсырған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Перейти к новостям спорта