Қырғызстан ҰҒА сейсмология институтының мәліметіне сәйкес, жер асты дүмпуі 3-тамызда 22 сағат 46 минутта тіркелген. Сер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 шақырымда болды.
Қырғызстанның Ош облысының Алай ауданының орталығы — Гульча ауылында 4 балл, Суфи-Қорған ауылында 3,5 балл жер асты дүмпулері сезілді. Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен қираған ештеңе жоқ.
Бұл — соңғы аптада Қырғызстанның оңтүстігінде тіркелген екінші жер сілкінісі. Бұған дейінгі жер сілкінісі 30-шілдеде болды. Оның ошағы Ферғана асуында, Қырғызстанның Тоқтағұл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырымда тіркелді. Сілкініс ошағында 5 балл дүмпу сезілді.