Қырғызстан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралардың түйіліскен нүктесі туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралардың түйіліскен нүктесі туралы келісімді бекітті

Қырғызстан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралардың түйіліскен нүктесі туралы келісімді бекітті

БІШКЕК. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралардың түйіліскен нүктесі туралы келісімді бекіту туралы заңа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Тамыз 2006
  • 458
Фото - Caravan.kz



Бұл келісімге үш мемлекет басшысы 2001-жылдың 15-маусымында Шанхайда қол қойған. Қырғызстан парламенті бұл құжатты осы жылдың маусым айында бекітті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Түйіліс нүктесі Қазақ, Қырғыз және Өзбек ССР-і арасындағы әкімшілік-аумақтық шекара сызығы және оны реттейтін құқықтық құжаттар мен өзара келісілген картографиялық материалдар негізінде белгіленді. Түйіліс нүктесін ҚР үкіметінің қаулысымен 1999-жылдың 1-қыркүйегінде құрылған мемлекеттік шекара сызығын белгілеу жөніндегі үкіметтік комиссия айқындаған.

ҚР СІМ-нің мәліметіне сәйкес, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекаралардың түйіліс нүктесі Талас Алатауы жотасының Майдантал жотасымен түйісетін жеріндегі триангуляция тәсілімен анықталған 4131.1-ші белгі қойылған Чатангат нүктесі болып табылады.

Қазақстан бұл келісімді 2003-жылдың шілде айында бекітті.

Перейти к новостям спорта