Қарағанды облыстық ҰҚКД-нің қызметкерлері "Mittal Steel Temirtau" аумағынан металл өнімдерін тонаған екі автокөлікті ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облыстық ҰҚКД-нің қызметкерлері "Mittal Steel Temirtau" аумағынан металл өнімдерін тонаған екі автокөлікті ұстады

Қарағанды облыстық ҰҚКД-нің қызметкерлері "Mittal Steel Temirtau" аумағынан металл өнімдерін тонаған екі автокөлікті ұстады

ҚАРАҒАНДЫ. 7-тамыз. Kazakhstan Today. Қарағанды облыстық ҰҚКД-нің қызметкерлері "Mittal Steel Temirtau" АҚ аумағынан металл өнімдерін тонаған екі автокөлікті ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 7 Тамыз 2006
  • 486
Фото - Caravan.kz



Атап айтсақ, Қарағанды облыстық ҰҚКД-нің қызметкерлері Теміртаудағы бұрынғы орталық автокөліктерді жөндеу шеберханасының базасында жүзеге асырған шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде «Mittal Steel Temirtau» АҚ аумағынан ұрланған 12 бума металл өнімдері тиелген «Татра» маркалы екі автокөлікті ұстады. «ВАЗ-21099» маркалы номері жоқ жеңіл автокөлігі солармен бірге келе жатқан. Ұстау шарасы кезінде оқиға орнынан оқтары бар, рұқсат құжаттары жоқ аңшы мылтығы тәркіленді.

Тексеру барысында мәлім болғанындай, қылмыстық әрекетті жүзеге асыру мақсатында жүк автокөліктерінің мемлекеттік номерлері өзгертіліпті. Комбинат аумағында еркін жүру үшін автокөліктің кабинасына «Mittal Steel Temirtau» деп жазылған.

Қазір тергеу алдындағы тексерулер жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта