Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аясында халықаралық автотасымалдарды дамытуға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі келісімнің жобасы Пекинде талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аясында халықаралық автотасымалдарды дамытуға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі келісімнің жобасы Пекинде талқыланады

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аясында халықаралық автотасымалдарды дамытуға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі келісімнің жобасы Пекинде талқыланады

АСТАНА. 7-шілде. Kazakhstan Today. 9-12-тамыз аралығында Пекинде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аясында халықаралық автотасымалдарды дамытуға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі келісімнің жобасын талқылау жөніндегі сарапшылар тобының кездесуі өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 7 Тамыз 2006
  • 406
Фото - Caravan.kz



Кездесу барысында келісім жобасының жаңа нұсқасы мен өзара түсіністік туралы меморандумның жобасын, келісім мен оған қосымша хаттамалардың жобаларын дайындау, оларға қол қою мен күшіне ену реті, сондай-ақ, меморандум жобасын келісу мен қол қою туралы талқылау көзделген.

Кездесуге еліміздің атынан ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің автокөлік транспорты басқармасы бастығының орынбасары Болат Алдабергенов пен ҚазАТО бас хатшысының орынбасары Александр Денисенко қатысады.

Перейти к новостям спорта