Қазақстан Сомалиге қару сатқан жоқ - ҚР СІМ (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Сомалиге қару сатқан жоқ - ҚР СІМ (толықтырылған нұсқа)

Қазақстан Сомалиге қару сатқан жоқ - ҚР СІМ (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 7-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан сыртқы істер министрлігі еліміздің Сомалиге қару-жарақ сату мүмкіндігі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Тамыз 2006
  • 450
Фото - Caravan.kz



«Бірқатар БАҚ-тарда Қазақстанның нышан белгілері салынуы мүмкін деліген ИЛ-76 ұшағымен Сомалидің Могадишо әуежайына әскери жүктердің заңсыз жеткізілгені жөнінде ақпарат таратылуға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының аталмыш дерекке ешбір қатысы жоқ екенін және бұл елге ешқашан қару-жарақ сатып көрген жоқ деп мәлімдеме жасауға өкілетті»,- деді ол.

СІМ өкілінің мәлімдеуінше, «Қазақстан Республикасы халықаралық сахнадағы барлық міндеттемелерін бұлжытпай орындайды. Соның ішінде Сомалиге әскери құрал-жабдық пен қару-жарақтың барлық түрін сатуға жаппай тыйым салу жөніндегі БҰҰ-ның 1992-жылғы №733 және 775-ші қарарларын да бұзған емес».

Отандық БАҚ-тарда хабарланғанындай, Сомали аумағына келіп қонған ұшақ «Саяхат» әуе компаниясына тиесілі-міс. Ал «Саяхат» әуе компаниясының президенті Владимир Куропатенконың ақпаратына сенсек, кейінгі екі айда компания жүк тасымалымен шұғылданған емес.

«2006-жылдың 25-маусымынан бері «Саяхат» әуе компаниясы жүк тасымалымен айналысқан жоқ. Басқаша айтқанда, екі айдан бері біз жүк тасымалдаған жоқпыз. 2006-жылдың 25-маусымынан бері әуе компаниясына тиесілі екі Ил-76 ұшағы Оралда, сондай-ақ, тағы екі Ил-76 ұшағы Алматыда болды»,- деді В.Куропатенко Kazakhstan Today тілшісіне берген сұхбатында.

«Қазіргі жағдаймен компания бірде-бір ұшақты жалға немесе лизингіге алып отырған жоқ»,- деді ол.

В.Куропатенокның пікірінше, «бұл мақала әуе компаниясының емес, мемлекеттің беделіне нұқсан келтіріп отыр». «Өз басым Қазақстан азаматы ретінде бұл журналистің үстінен сотқа азаматтық шағым түсірмекшімін»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта