Полицияның ақпаратына сәйкес, ҚХР азаматтарына Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзған деген айып тағылып отыр. Ұсталғандардың елімізде болып жұмыс істеуге рұқсат берілген мерзімі 29-шілдеде аяқталған.
Оларға жұмыс берген Қытайдың бір құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге жұмыс беруші еліміз аумағынан қудаланғандардың жолақысын төледі.
Жалпы жыл басынан бері елімізден алыс және жақын шетелдердің 311 азаматы шығарылды.