Мекемем ақпаратына сәйкес, 7-тамызда 20 сағат 29 минутта №34 қоймада жүктерді тиеп-түсіру жұмыстары кезінде бағананың дұрыс орналаспауы салдарынан «Бразерс компани» атты компанияға тиесілі «Клинцы» автокраны құлады. Соның салдарынан 46 жастағы краншы ауруханаға жатқызылды.
Оқыс оқиғаның зардаптарын жоюға ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.