"Метоп" жер серігін ұшыратын жаңа мерзім айқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Метоп" жер серігін ұшыратын жаңа мерзім айқындалды

"Метоп" жер серігін ұшыратын жаңа мерзім айқындалды

МӘСКЕУ. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Еурорпаның "Метоп" жер серігін алып ұшатын "Союз-2-1А" зымыран тасығышын ұшыратын жаңа мерзім айқындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Роскосмос" Федералдық ғарыш агенттігінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 8 Тамыз 2006
  • 375
Фото - Caravan.kz



«Роскосмос» пен «Старсем» АҚ арасындағы бірлескен келіссөздердің қорытындысы бойынша Еуропаның ғарыштық агенттігі «Метоп» ғарыш аппаратын Байқоңыр ғарыш айлағынан 2006-жылдың 7-қазанында ұшыру жөніндегі ұсыныстармен келісті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Союз-2-1А» зымыран тасығышы 17-шілдеде ұшырылуға тиіс болатын. Алайда, ұшырылым бір тәулікке кейінге шегерілді. Осыдан екі күннен кейін техникалық проблемаларға байланысты зымыранды монтаж-сынақ корпусына қайтару туралы шешім қабылданды.

Модификацияланған «Союз-2-1А» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет ұшырылғалы отыр. «Союз-2-1А» зымыран тасығышы — жаңартылған «Союз-У» зымыраны болып табылады.

Диаметрі 410 см-лік пайдалы жүк сыятын ұлғайтылған обтекателі бар зымыранмен көлемді жүктерді тасымалдауға болады. Оның обтекателі «Союз-ФГ» зымыран тасығышындағыдан 40 см-ге артық. Мамандардың айтуынша, оның екпіндетілген қозғалтқышы «Союз-2» зымыран тасығышының жүк көтерімділік қабілетін 1200 килограмға арттыруға мүмкіндік береді. Келешекте «Союз-2» зымыран тасығышы Р-7 түріне жататын барлық зымырандарды алмастырады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта