Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келуін реттеу мәселелері бойынша үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келуін реттеу мәселелері бойынша үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келуін реттеу мәселелері бойынша үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Республика үкіметінің 2006-жылдың 1-тамызындағы № 725 қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келуін реттеудің жекелеген мәселелері" атты 2000-жылғы 28-қаңтардағы №136 үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 8 Тамыз 2006
  • 383
Фото - Caravan.kz



Атап айтсақ, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі мен осында болу, сондай-ақ, республика аумағынан шығу тәртіптерінің 9-шы бөлімінің 2-ші қайырмасы мынадай сөздермен толықтырылды: «егер Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы келісім-шарттарында басқаша жайттар қарастырылмаған жағдайда рұқсат берудің белгіленген реті күшіне енгенге дейін».

Қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.