Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының отырысы Бішкекте өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының отырысы Бішкекте өтеді

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының отырысы Бішкекте өтеді

МӘСКЕУ. 8-тамыз. Kazakhstan Today. 10-11-тамызда Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының отырысы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ұйым хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Тамыз 2006
  • 576
Фото - Caravan.kz



«Отырыс барысында әскери мақсаттағы өнімдерді жасау, пайдалану, модернизациялау, жөндеу және пайдалы жарату саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың жобасын бірлесе жасау, ұйым шеңберінде қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары мен ұйымдарының маманданған бағытын сақтап қалуға бағытталған ұжымдық шаралар қолдану қажеттігі, санаткерлік іс-қызметтің нәтижелерін пайдалану мен қорғау тәртіптері мен оларға қатысты құқықты өзара қорғау шаралары туралы талқылау жоспарланған»,- деп хабарлады комиссияның хатшысы Александр Булидоров.

Сонымен бірге комиссия іс-қызметінің ағымдағы жылдағы кейбір қорытындылары мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының төрағасының жанында жұмыс тобын құру туралы мәселені қарау межеленген.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығынан хабарлағанындай, әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы 2005-жылдың 23-маусымында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес құрылған.

Перейти к новостям спорта