Академик Әлиевтің пайымдауынша, денсаулық сақтау саласын дамытуға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Академик Әлиевтің пайымдауынша, денсаулық сақтау саласын дамытуға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда

Академик Әлиевтің пайымдауынша, денсаулық сақтау саласын дамытуға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда

ҚЫЗЫЛОРДА. 10-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан хирургтары қауымдастығының президенті, Халық қаҺарманы, академик Мұхтар Әлиевтің пайымдауынша, денсаулық сақтау саласын дамытуға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда. Бұл туралы ол Қызылорда облысындағы ақ халаттылар қауымымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Тамыз 2006
  • 495
Фото - Caravan.kz



«2004-жылы денсаулық сақтау саласын дамытуға 90 млрд. теңге, 2005-жылы — 118 млрд., ал биыл — 134 млрд. теңге бөлінді»,- деді академик. М.Әлиевтің пікірінше, қаржының басым бөлігі тиімсіз пайдаланылуда.

Сонымен бірге маман мәселесі де күрделі күйінде қалып отырғанын да естен шығармау керек, деді ол. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда бар-жоғы 36 дәрігерден келеді.

«Еліміздің медицина саласы секілді халықтың денсаулығы да сын көтермейді»,- деді академик. Оның айтуынша, адам жасының ұзақтығы деңгейіне қарай Қазақстан дүниежүзінде 96-шы орында. Орта есеппен қазақстандықтар небәрі 66 жас жасайды. Ал, хирургтың айтуынша, бала мен ананың өлім-жітімі көрсеткішіне сәйкес еліміз 54-ші орында. «Осынау ресми көрсеткіштер шын мәнінде нақты ахуалды сипаттай алмайды»,- деді Қазақстан хирургтары қауымдастығының президенті. Көп жылдан бері диспансерлік тексеру жүргізілмегендіктен, халықтың денсаулық ахуалы туралы обьективті мәліметтер жоқ. Соның салдарынан елімізде көптеген ауру түрлері бойынша, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы аурулар бойынша аса күрделі ахуал қалыптасып отыр, деді М.Әлиев.

Перейти к новостям спорта