Қырғызстанда Бішкек-Ош тас жолында апаттан 9 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Бішкек-Ош тас жолында  апаттан 9 адам қаза тапты

Қырғызстанда Бішкек-Ош тас жолында апаттан 9 адам қаза тапты

БІШКЕК. 14-тамыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанда Бішкек-Ош тас жолында екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан 9 адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Тамыз 2006
  • 532
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат 13-тамызда Чу облысында, Сосновка ауылының маңында 16 сағат 30 минутта болған. Оңтүстікке бет алған «Ауди-100» автокөлігі мен Бішкекке бет алған «Нива» автокөлігі соқтығысып қалды.

Апат салдарынан екі автокөлікте отырған жолаушылар мен жүргізушілер, барлығы 8 адам оқиға орнында мерт болды. Тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында екі бала бар.

Перейти к новостям спорта