Саясаткер Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты іс бойынша жарыссөздер барысында жәбірленушілер жағы адвокаттарын кері шақырып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саясаткер Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты іс бойынша жарыссөздер барысында жәбірленушілер жағы адвокаттарын кері шақырып алды

Саясаткер Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты іс бойынша жарыссөздер барысында жәбірленушілер жағы адвокаттарын кері шақырып алды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 14-тамыз. Kazakhstan Today. Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев, оның көмекшілері Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынды өлтіруге қатысты іс бойынша жарыссөздер барысында жәбірленушілер жағы адвокаттарын кері шақырып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Тамыз 2006
  • 410
Фото - Caravan.kz



Мәселен, жәбірленушілер жағының адвокаты Серікқали Мусин соттың тергеуіне қайтадан оралу қажеттігін айтып сотқа өтініш түсірді. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырған жоқ. Осыған байланысты жәбірленушілер жағының адвокаттары — Серікқали Мусин, Әнуар Қалиев пен Александр Розенцвейг сотқа жәбірленушілер жағының оларды кері шақырып алғаны туралы жазбаша өтінішті табыс етті.

Жәбірленушілердің туыстарынан сотқа мазмұны бірдей бес өтініш келіп түсті. Онда атап көрсетілгеніндей, «заң талаптарына қарамастан, қылмыстық істің егжей-тегжейін толыққанды тексермеген сот негізсіз әрі уақытынан бұрын сот жарыссөзіне көшті. Сөйтіп, сот ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің нұсқауларын қасақана ескермеу арқылы сот өндірісінің басты принциптерін бұзып, жәбірленуші ретінде менің құқығымды бұзды. Сол себепті тікелей өз басым, немесе, өкілім арқылы сот мәжілісіне қатысу мүмкін емес деп санаймын. Сотты адвокатқа берген тапсырманы кері шақырып алғаным туралы хабардар етемін».

Кері шақырылуға байланысты адвокаттар сот залынан шығып кетті. Сотта жарыссөздер жалғасты.

Жарыссөздер барысында айыпкер Асылхан Тәжінің адвокаты — Аралбай Махамбеталиев сөз сөйледі. Адвокат былай деді: «Тәжінің іс-әрекетінде қылмыстық құрам жоқ. Ол майор Әбікеновтың бұйрығы бойынша әрекет жасаған. Сол себепті барлық бап бойынша Тәжіні ақтауды сұраймын».

Сот барысындағы жарыссөздер бір аптадан кейін 21-тамызда жалғасады.

Сол күні айыпкер Ерғали Қасымовтың адвокаты Роза Оспанова сөз сөйлейді.

Перейти к новостям спорта