Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің "Шеп-2006" шұғыл-тактикалық жаттығуларына 2,5 мыңдай әскери қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің "Шеп-2006" шұғыл-тактикалық жаттығуларына 2,5 мыңдай әскери қатысады

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің "Шеп-2006" шұғыл-тактикалық жаттығуларына 2,5 мыңдай әскери қатысады

ДУШАНБЕ. 14-тамыз. Kazakhstan Today. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің "Шеп-2006" шұғыл-тактикалық жаттығуларына 2,5 мыңдай әскери қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Тамыз 2006
  • 451
Фото - Caravan.kz



Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, оқу-жаттығулар 24-29-тамыз аралығында Маңғыстау облысында өтеді.

«Бұл жаттығулар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер армияларының оперативтік және жауынгерлік дайындығына бағытталған бірлескен шаралардың жоспарына сәйкес жыл сайын өткізіледі. Қазіргі оқу-жаттығулар антитеррорлық сипатта. Олар үш кезеңмен өткізіледі. Бірінші және екінші кезеңі — бірлескен командалық-штабтық шаралар болса, үшіншісі — тактикалық жаттығулар»,- дейді қорғаныс министрлігіндегілер.

Оқу-жаттығулардың тақырыбы — ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күш-құралдарының теңіздегі бірлескен операцияларын жүргізу мен оған дайындық. Оқу-жаттығулар барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге лайықты жауап қатуға арналған күш-құралдарды қолдану туралы шешімдерге дайындалу мәселелерін тәптіштеу межеленген.

«Шеп-2006» жаттығуларына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстанның әскерилері қатысады. Өзбекстанның Қарулы күштерінің өкілдері бақылаушы ретінде қатысады. Оқу-жаттығуларға Қазақстанның қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев қолбасшылық жасайды.

Бұған дейінгі біріккен оқу-жаттығулар 2005-жылғы көктемде Тәжікстанда өтті.

Перейти к новостям спорта