«Біздің болжамымызға сәйкес, 2006-жылдың қорытындысы бойынша елімізде Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 9 процентті, ал жылдық орташа инфляция деңгейі 8,5 процентті құрайды. Жыл қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 5,2 мың долларға жетпек. Бұл 2005-жылғы көрсеткіштен 1,4 есе артық»,- деді М.Құсайынов. «Жылдық орташа инфляция деңгейі жоспардағыдан біршама жоғары болып, шамамен 8,5 процентті құрайды»,- деді ол.
М.Құсайыновтың айтуынша, «ағымдағы жылдың ІІ жартысында ел экономикасын дамытуға қолайлы сыртқы жағдайлар қалыптасып, экономиканың басты салаларының даму серпіні жақсарады».