Экономика министрлігінің болжамына сәйкес 2008-2009-жылдарда жалақының өсу қарқыны бәсеңдеп, еңбек өнімділігі артады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономика министрлігінің болжамына сәйкес 2008-2009-жылдарда жалақының өсу қарқыны бәсеңдеп, еңбек өнімділігі артады

Экономика министрлігінің болжамына сәйкес 2008-2009-жылдарда жалақының өсу қарқыны бәсеңдеп, еңбек өнімділігі артады

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамына сәйкес 2008-2009-жылдарда жалақының өсу қарқыны бәсеңдеп, еңбек өнімділігі артады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Марат Құсайынов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Тамыз 2006
  • 446
Фото - Caravan.kz



«Біздің болжамымызға сәйкес, 2008-2009-жылдарда нақты жалақының өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан бәсеңдейді»,- деді М.Құсайынов. «Мемлекет басшысының жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруға байланысты іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму стратегиясында еңбек өнімділігінің өсу қарқыны артады». «Нәтижесінде біз тиімді арақатынасқа келеміз»,- деді вице-министр.

Оның айтуынша, кейінгі кездері Қазақстанда «еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен салыстырғанда жалақы өсімінің қарқыны оза арту ағымы байқалуда». 2005-жылы еңбек өнімділігің өсімі 9 процентті құраса, ал нақты жалақы 12 процентке өсті.

2006-жылы еңбек өнімділігің өсімі 8,1 процентті құраса, ал нақты жалақы 9,9 процентке өсті.

Перейти к новостям спорта