Мекеме ақпаратына сәйкес, 14-тамызда Алматы-Тараз тас жолының 173-ші шақырымында «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі «КамАЗ» автокөлігімен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан «Фольксваген» жүргізушісі мен оның жолаушысы қаза тауып, тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге Тараз-Амангелді тас жолының 13-ші шақырымында 14-тамызда «Ауди 100» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға түсті.